Меню KDT
Детский сад №26 "Умит" г.Астана
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)
"№ 26 "Үміт" балабақшасы" МКҚК
RU / KZ
Жаңалықтар
 

Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығулар

Мектепке дейінгі ұйымның азаматтық қорғанысы – балабақша қызметкерлерін, техникалық персоналын және тәрбиеленушілерді жаппай жойып-қыратын қарудан, одан басқа қарсыластың шабуыл құралдарынан, сонымен қатар апаттық, зілзала салдарынан қорғану мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүзеге асырылатын қорғану шараларының жүйесі.
2017 жылғы 21 сәуірде  «№26 «Үміт» балабақшасы  МКҚК Астана қаласының ТЖД, «Алматы» ауданының ТЖ жөніндегі басқармасымен бірлескен азаматтық қорғаныс бойынша жаттығулар өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты балабақша қызметкерлерін пайда болған төтенше жағдайлар мен өрт кезіндегі іс-әрекеттеріне үйрету.  АҚ жөніндегі жаттығулар Азаматтық қорғаныс басқармасының офицеры Ағатаев Азат Мұратұлының басшылығымен өткізілді.
Шараны өткізу кезінде күдікті затты табу және балабақша аумағында шартты өртті табу бойынша жағдай үлгіленді. Шараны өңдеу кезінде 20 қызметкер таза ауаға шығарылды, бұл туралы АҚ штабының басшысы меңгерушіге баяндады. Балабақшаның қызметкерлері мен тәрбиеленушілері бұл шараға алдын-ала дайындалды: қызметкерлер мен балалардың өрт кезіндегі тәртібінің ережесі туралы, мақта-дәке байлауышын дұрыс қолдану туралы, бөтен затты табу кезіндегі дұрыс іс-әрекеті туралы білімдері тексерілді (сымдары шығып тұрған қораптар).
Практикалық әрекеттерін өңдеу кезінде балабақша қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарын киді (противогаздар).
Соңынан болжамданған өрт жағдайынан балабақша ғимаратынан балаларды эвакуациялау жүргізілді (барлығы 195 бала эвакуацияланды).
Эвакуациялау қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді: әр қызметкер өз міндетін дәл орындауы мен нақты білімін көресетті.
Балабақша қызметкерлері өрт сөндіргішті қолдануын практикалық ептілігін жұмыс істеумен көрсете білді.
Төтенше жағдайында қызметкерлермен Азаматтық қорғаныс жөніндегі жағдай жоғары деңгейде өткізілді. Жаттығу барысында балабақша қызметкерлері  білімдерін арттырды, практикалық ептіліктерін жұмыспен өтеді.
Төтенше жағдайында балабақша қызметкерлерімен практикалық сабақтарын, біліктіліктерін арттыру курстарын, объективті жаттығуларын өткізген жүйелі қызметтестігі үшін Астана қаласының ТЖД, «Алматы» ауданының ТЖ жөніндегі басқармасына алғысымызды білдіргіміз келеді.


Просмотров: 2833

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь